𐰃
𐱅
𐰇
𐰼
𐰚
𐰀
𐰉
𐰭
Türk Halkları Medeniyeti Vakfı
Türkiye
Kazakistan
Azerbaycan
Özbekistan
Kırgızistan
Türkmenistan
Kuzey Kıbrıs
Macaristan
𐱅𐰇𐰼𐰚
Türk Halkları

Medeniyeti Vakfı

Türk Halkları Medeniyeti Vakfı
Türk Halkları
Medeniyeti Vakfı
Басты бетБіз туралыТөрағаТүрк Әлемі ГазетіІс-шараларМұрағатЖаңалықтарБайланыс
БізХабарІс-шар.Газет
Жаңалықтар

АБАЙ МҰРАСЫ 12 ТІЛДЕ КЕЛЕШЕК ҰРПАҚҚА

2026 ж. 25 тамызNuretdin Gökgül
АБАЙ МҰРАСЫ 12 ТІЛДЕ КЕЛЕШЕК ҰРПАҚҚА
Жазушы әрі аудармашы Гүлмира Амандықованың шамамен бес жылдық еңбегінің нәтижесінде жарық көрген «Ұрпаққа Ұлағат» атты кітап ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізінде дайындалған. Еңбекте адамгершілік, адалдық, әдеп, рухани даму, еңбек және алға ұмтылу сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар қамтылған. Абайдың түпнұсқа мәтіндерімен қатар, жеңілдетілген қазақша нұсқалары мен аудармалары да ұсынылып, ұлы ойшылдың мұрасын кейінгі ұрпаққа түсінікті түрде жеткізуге мән берілген. 12 тілге аударылған бұл құнды еңбек Абайдың ойлары мен рухани мұрасын Қазақстан шекарасынан асырып, әлем оқырмандарына таныстыруды мақсат етеді. «Ұрпаққа Ұлағат» — Абай мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, өткен мен бүгінді және болашақты жалғайтын маңызды мәдени-рухани жоба. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ӨРКЕНИЕТІ ҚОРЫНА АРНАЙЫ САПАР Кітап авторы Гүлмира Амандықова Алматы қаласында Түркі халықтары өркениеті қорына арнайы сапармен келіп, Қор басшылығымен және «Түркі әлемі» газетінің ұжымымен кездесті. Сапар барысында ортақ мәдени құндылықтар мен түркі халықтарының рухани мұрасын насихаттау бағытындағы жұмыстар туралы пікір алмасты. Кездесу барысында Гүлмира Амандықова «Ұрпаққа Ұлағат» кітабын таныстырып, оның арнайы данасын Қор төрағасы Ахмет Дағдуранға сыйға тартты және кітапқа қолтаңбасын қойды. Бұл мағыналы кездесу әдебиет, мәдениет және түркі халықтарының ортақ рухани мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу бағытындағы маңызды мәдени байланыстардың бірі болды.
Türk Halkları Medeniyeti Vakfı
Türk Halkları
Medeniyeti Vakfı

050012, Алматы Байтұрсынов көшесі 145, 2-қабат, 204 бөлме

Басты бет

Біз туралыТөрағаТүрк Әлемі ГазетіІс-шараларМұрағатЖаңалықтарБайланыс
Türk Alemi Gazetesi
© 2026 Türk Halkları Medeniyeti Vakfı. Барлық құқықтар қорғалған.